Юлия Галышева спорттағы карьерасына нүкте қоймақшы
|
Сочи Олимпиадасында могулден жарысқа түсіп, финалға өте алмаған қазақстандық спортшы Юлия Галышева спортпен қош айтысуы мүмкін. Бұл туралы ол ақпарат құралдарына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Мен жақсы нәтиже көрсеттім деп ойлаймын. Бізге тіпті, басқа елдің жаттықтырушылары келіп, бұдан да жоғары орынға лайық екенімізді айтты»,-дейді спортшы.
Қазақстандық тарап арызданған, алайда, ол қабылданбады. Себебі, «төрешілерге наразылық көрсетуге болмайды, тек техникалық қателіктер ғана саналады», дейді Юлия.
21 жастағы спортшы қыздың бұл – екінші Олимпиадасы. Бірақ, енді ол әрі қарай жалғастырмайтынын айтады: «Келісімшарт мерзімі мамыр айында бітеді. Сол уақытқа дейін жаттығатын боламын, одан кейін спорттық карьерамды жалғастыруым екіталай».
Ал анасы Светлана: «Қызым Олимпиадаға тек медаль үшін келген. Оны алтылыққа әдейі енгізбеді. Себебі, жүлде алатынын сезді. Бізді Әлем кубогы, Әлем чемпионаты сынды ірі додаларда талай рет аяқтан шалды. Ешқашан ақтық сынға жеткізген емес, қорқады себебі»,-дейді.
«Жанкүйерлерге мың алғыс. Бізді қолдау үшін елден осынша жанкүйер жиналады деп ойламаппын. Трибуналарда еліміздің қанша Туы желбіреп тұрды?! Бұл әрине, өте әсерлі. Жарыс біткеннен кейін де қолдаған жанкүйерлерге рахмет»,-дейді Юлия.
14 ақпанда фристайлшы қыз Қазақстанда болады.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10