Алматы облысында тастанды балаларға арналған дүңгіршек ашылды
Алматы облысында «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасы жұмысын бастады. «Мақсат – тастанды сәбилерді қорғау», - дейді ұйымдастырушылар.
Өкінішке қарай, соңғы кезде жаңа туған шақалақты тастап кететін безбүйрек аналар көбейген. Осы орайда Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының жанынан шақалақтарды қабылдайтын арнайы пункт ашылды. Баласынан бас тартқандар осы дүңгіршектің терезесін қағып, ішіне нәрестесін қалдырып кете алады. Іші жылы, ыңғайлы төсек қарастырылған. Күннің суығында сыртта сағаттап жатып қалатын бөбектердің халіне алаңдаған қайырымды жандар осы іске бастамашы болды. «Бұл тек баланың қауіпсіздігі үшін ғана жасалған дүние екенін ұмытпауымыз керек», - дейді шараға қатысқандар
Сапархан Айдарханұлы, Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы:Әрбір ата-ана үйде баласына айтып жатса, мұндай жағдай болмайды. Сондықтан тағы айтамын, далада қалғаннан гөрі мына бір жылы жерге әкеліп қойғаны дұрыс шығар деп айтар едім.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05